Австрияда неміс әйелінің басына бетон құйып, өзі суға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия тұрғыны өзінің әйелін буындырып, денесін бөлшектеп, басына цемент құйып, кейін өзі суға кетті, деп хабарлады Би-би-си австриялық полицияға сілтеме жасап.
None
None

Қаза тапқандардың есімдері аталмады - ер адам 72 жаста, ал оның әйелі 71 жаста болғаны және екеуі де Франкфурт тұрғыны екені белгілі.

Тергеу жексенбі күні Зальцбургтен шығысқа қарай 80 км жерде Траунзее көлінің маңынан адамдардың бірі әйел денесінің бөлшектері болған чемоданды байқағаннан кейін басталды. Сол күні полиция иті әйел денесінің бөлшектері салынған екінші чемоданды тапты.

Бір тәуліктен кейін суда 5 метрлік тереңдіктен қолына ішінде тас болған қапшықтар байланған ер адамның мәйіті табылды.

Ер адамда жарақат болмағандықтан, прокуратура ол өз-өзіне қол жұмсады деп есептейді.

Сейсенбі күні полиция көлдің түбінен әйелдің бетон құйылған басын тапқанын хабарлады.

Тергеушілердің пікірінше, әйел буындырылып өлтірілді. Қылмыс, болжам бойынша, 25 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында жасалған.

Соңғы жаңалықтар