Австрияда жай түскен табын сиырдан біреуі ғана тірі қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрияда, Штробль қаласының Зальцбург ауданындағы бір табын сиырға найзағай түсті. 18 ірі қара оқиға орнында өліп, «Жолы болғыш» (нем. Glück) деген ат қойылған сиыр ғана аман қалды.
None
None

Бақташы Георг Бухеггердің айтуынша, нөсер жауында бір табын сиыр 20 метрлік шыршаны астын ықтаған. Кенет сиырлар паналаған ағашқа найзағай түсіп, 18 сиыр сол жерде тіл тартпай кеткен. Оның 12-сі буаз болған.

Сол жерде тек «Жолы болғыш» лақап атына ие сиыр дін-аман қалған.

Бақташы шығынын 20 мың еуроға бағалап отыр. Оны фермерге сақтандыру компаниясы төлейді (жануарлар сақтандырылған), бірақ мал қожайындары өз малына үйреніп қалғанын айтып, қапаланып отырын мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар