19:22, 05 Қараша 2017 | GMT +5
Австриялық полиция Венада жарылғыш зат алып жүрген азаматты ұстады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австриялық құқық қорғаушылар Венада 400 грамм тротилі бар германялық үйсіз-күйсіз жүрген азаматты ұстады, деп хабарлайды РИА Новости Kronen Zeitung басылымына сілтеме жасап.
54 жастағы ер адам жарылғыш заты барын дүкендердің біріндегі сатушыға айтқан. Әйел адам бұл туралы полицияға мәлім еткен. Кейін құқық қорғаушылар мен арнайы үйретілген иттер «қаңғыбасты» іздеуге кіріскен. Ер адам ұсталды.
Одан тринитротолуол жарылғыш заты, пышақ пен оқ-дәрілер табылған.
Ер адам тротилды Словакиядағы оқу полигонынан тауып алғанын айтқан. Полиция бұл оқиғаның терроризмге қатысы жоғын хабарлады. Ұсталған азаматы бостандыққа жіберілді. Ер адам Германиядан тоғыз жыл бұрын кетіп қалған және содан бері Еуропада велосипедпен саяхаттап жүр.