Автокөлік өзенге құлап кетті - Шымкент

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте әдеттегіден өзгеше жол апаты тіркелді. Көлік өзенге құлап кеткен.

Автокөлік өзенге құлап кетті - Шымкент

Бұл оқыс оқиға 2 ақпаннан 3-іне қараған түні болды. Асанбай Асқаров көшесі мен Абай даңғылының қиылысында «ВАЗ» бен «Хюндай» соқтығысқан. Соның кесірінен «ВАЗ» көлігі жолға жақын өзенге құлап кетті, деп хабарлайды otyrar.kz.

Куәлердің айтуынша, «ВАЗ» машинасы Асқаров көшесінің бойымен, опера және балет театры жақтан келген. Сөйтіп, көше мен даңғылдың қиылысында тұрған «Хюндайға» соқтығысқан. Одан әрі жылдамдығын тоқтатпаған күні жолдың шетіндегі қоршауды бұзып, өзенге құлап кетеді.

Мұны көргендердің сөзіне қарағанда, «ВАЗ» жүргізушісі мас болуы мүмкін. Өйткені ол көлігінен шыққан соң кетіп қалған. Жарақат алған-алмағаны белгісіз. Қазір полиция қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр.