Автокөлік үшін адам өлтірген қылмыскерлер құрықталды - ҚР ІІМ

Бұл туралы бүгін өткен апталық брифинг барысында ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның мәлімдеуінше, автокөлік иесінің денесі «Астана-Көкшетау» тас жолының аумағынан табылды. Осыдан кейін полиция қызметкерлеріне Астана қаласында бір жас қыздың «Ленд Крузер» автомашинасын одан маркасы төмен автокөлікпен қосымша ақыға айырбастайтыны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Астанадағы нотариалды кеңселердің бірінде автокөлікті айырбастауды рәсімдеу кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының азаматшасы және елорданың бір тұрғыны ұсталды. «Бүгінгі таңда қылмысты ұйымдастырушы болып табылатын бұрын сотталған азамат анықталып, қолға түсті. Ол бұдан бұрын ұсталған адамдармен бірлесіп, кісі өлтіргенін мойындап отыр», - дейді Қ.Жұманов.