Автокөліктер қарбызбен жүретін болады

АСТАНА.  Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат -   АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы департаментінің ғалымдары  қарбызды    автокөліктер мен  ауыл шаруашылығы техникалары   үшін  отын    бола алатын  спиртті  дистилляциялау  үшін қант  көзі  ретінде     пайдалануды ұсынуда, 
None
None

 деп хабарлайды Regnum   сайты.

Американдық   ритейлерлер жылына  360 мың тоннаға дейін қарбызды  есептен шығарады екен.   Ғалымдардың есептеуінше,   бұл  қарбыз     жыл  сайын 9 миллион  литр   отын  өндірісіне    жетіп артылады.

Ауыл шаруашылығы  департаментінің  қызметкерлері  бұл жерде тек бракка  шығарылған  -«косметикалық  кемшіліктері бар»   қарбыздарды  есептеп отыр.    Орта есеппен  әрбір  бесінші қарбыз  сыртқы  көрінісінің  ұсқынсыздығынан  сатылмай қалады екен.   Сондай  «ұсқынсыздардың»   жартысына  жуығын     этанол сияқты    бағалы отынға  айналдыруға болады,  дейді  ғалымдар.

Соңғы жаңалықтар