Автомагистральға байланысты қоғамдық тыңдау өткізілді

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Жақын арада құрылысы басталғалы тұрған Батыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық магистралінің 77 шақырымы Жаңақорған ауданы аумағынан өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан орталығында өткізілген қоғамдық тыңдау барысында жергілікті тұрғындар мол мағлұмат алды. Аумақтан өтетін жолдар бірінші және екінші санатқа жатқызылады. Күре жолдың үстімен бір мезгілде төрт көлік қатарласып жүре алады. Қоғамдық тыңдауда жол құрылысын жүргізетін "Георат Плюс" және "Дортранс" мекемесінің мамандары кеңінен түсініктеме берді. Олардың айтуынша, жұмыс барысында мәдени-тарихи ескерткіштерге және қорымдарға залал келтірілмейді. Ал бұзылуға тиіс ғимараттар мен егістік жерлер үшін өтемақы төленеді.
Соңғы жаңалықтар