Автомобиль саудасы қай аймақта қызып тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық автобизнес қауымдастығы еліміздегі көлік саудасының алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазақстандағы ұсталған көліктерді бірге есептегенде қараша айында 79 054 машина сатылды. Ал соңғы 11 айдың қорытындысы бойынша 801 438 көлік сатылған», - делінген ұйымның ресми хабарламасында.

Қараша айында көлік саудасы қызып тұрған аймақтардың тізімінде Алматы облысы (11 573) бірінші орынға шықты. Одан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы (10 777), Алматы (9 966) мен Астана (6 350) қалалары келеді. Қалған аймақтардың көрсеткіші 2 500 - 5 500 көлікті құрап отыр. Ал ең аз көлік Солтүстік Қазақстан облысында (1 894) сатылды.  

Соңғы жаңалықтар