Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Автонесие беру шарттары жеңілдей ме

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі азаматтарға автонесие бергенде, борыштық жүктеме коэффициентін (БЖК) есепке алмауды ұсынды. Бұл туралы Үкіметте отырысынан кейінгі брифингте сала министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. 

автонесие
فوتو: naryk.kz

— Бұл — біздің маңызды ұсынысымыз әрі біз оны қолдаймыз. Ал қазіргі тәртіп жыл соңына дейін күшінде болады. Дегенмен, біз Үкіметке аталған ұсынысты енгіздік. Бұл бастаманы Ұлттық банк те қолдайды деп үміттенеміз, — деді министр.

Министрдің айтуынша, ұсынылып отырған өзгеріске сәйкес, автонесие рәсімдеу кезінде борыштық жүктеме коэффициенті есепке алынбайды. Ал салықтық міндеттемелер бұрынғыдай сақталады.

Еске салайық, бұған дейін елімізде автонесиеге сұраныс 11 пайызға азайғанын жазғанбыз.