Авторлық құқықты қорғау үшін биылдан бастап аударылатын кітаптарға қатты қадағалау жасалады - М. Құл-Мұхаммед

қпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мәдениет және ақпарат министрлігі авторлық құқықты қорғау үшін биылдан бастап аударылатын кітаптарға қадағалауды күшейтетін болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен 2009-2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, кітап шығару ісінде проблемалар баршылық. Министрліктің тапсырысы бойынша баспалар конкурстарға қатысып, жеңіп алғаннан кейін шетелдегі көзі тірі авторлардың орыс тілінде шыққан туындыларының нұсқасын қазақшаға аударып, басып шығарып жатыр. Осыған байланысты шетелдік авторлардан министрлікке көптеген шағымдар келіп түсуде. Олар авторлық құқықтарының сақталмағандығына, қаламақының төленбегендігіне наразылықтарын білдіреді. «Шетелдік авторлар мұндайға селқос қарай алмайды. Баспагерлер қаламақы төлеуді, автормен байланыс дегенді ұмытқан. Біз Берн конвенциясына мүшеміз. Сондықтан халықаралық авторлық құқықты сақтауымыз керек. Егер автордың көзі тірі болса, одан рұқсат алу керек. Ал, егер автор дүниеден озған болса, 50 жылға дейін оның авторлық құқығы ұрпақтарының біріне беріледі. Сондықтан биылдан бастап аударылатын кітаптарды қатты қадағалау қажет. Бұл жұмысты мәдениет, ақпарат комитетерінің басшыларына тапсырамын», деді М. Құл-Мұхаммед.

Министр мұндай дүниелер қазақстандық авторларға да қатысты қолданылып жатқанын атап өтті. «Осыдан 10-20 жыл бұрын дүниеден өткен, тіпті көзі тірі ғалым-ағаларымыздың авторлығымен шыққан дүниелерді баспалар басып жатыр. Басқаны дұрыс, бірақ ол кісілердің авторлық құқығын құрметтеу керек қой, қаламақысы қайда? Маған хат жазады, телефон соғады. Біз мұндайды доғаруымыз керек», деді министр.

Соңғы жаңалықтар