Автошабондоздар Павлодарда «Солтүстік Кубогін» сарапқа салады
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 26-сы. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодарда «Солтүстік Кубогі» жолындағы автоспорт бойынша жарыс өтеді.
Классикалық драг-рейсинг бойынша ресми сайыс қазанның 10-да басталады.
Жарысқа кез келген талап білдірушілер қатыса алады. Қойылатын талап - қатысушының автокөлігінде ақау болмауы, денсаулығы мықты болуы және жарнаға үш мың теңге төлеуі тиіс.
«Солтүстік Кубогінің» демеушілері - автоорталық, дүкендер, медиатоп және www.рavlodar-online.kz сайты. Споршыларға автоклуб қолдау көрсетеді және жергілікті мейрамханалар ыстық тамақпен қамтамасыз етеді.
Автожарыстың ұйымдастырушысы - қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі және автоклуб.