Аягөз қаласында жол апатынан тұтас бір отбасы зардап шекті - ШҚО

ӨСКЕМЕН. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Аягөз қаласында автокөлік апатқа ұшырап, бір отбасы (үш адам) зардап шекті.

Аягөз қаласында жол апатынан тұтас бір отбасы зардап шекті - ШҚО

ВАЗ-21010 автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы жолағына өтіп кетіп, «Митсубиси Лансер» көлігімен қақтығысып қалған. «Митсубисиде» отырғандардың барлығы - отағасы, оның 45 жастағы әйелі және 13 жастағы қызы зардап шеккен. Зардап шеккендердің барлығы қазіргі уақытта ауруханада жатыр.