14:36, 06 Қаңтар 2024 | GMT +5
Аягөзде 20 тонна бензин құйылған цистерна жарыла жаздады
Өрт сөндірушілер мен полицейлер бензин цистернасының жарылу қаупінің алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қаңтар күні кешке Аягөз аудандық полиция бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан Ақтоғай ауылында КамАЗ автоцистернасының өртенгені туралы хабар түскен.
Қауіпті аймақ қоршауға алынып, жақын маңдағы үйлердің 52 тұрғыны эвакуацияланды, оның 20-сы — балалар.
Цистернада 20 тонна жанармай болған, сондықтан цистернаның жарылу қаупі бар екені анықталды.
Жанармай құйылған автоцистернаның өртін сөндіру үшін көбік қолданылды.
Өрт сағат 20:30–да сөндірілді.
Зардап шеккен ешкім жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.