Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан Азия чемпионатында үш алтын жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы.

Аянат Жұмағали
Фото: Қазақстанның ауыр атлетика федеоациясы

Аталған бәсекеде 77 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Жұмағали Аянат сенімді түрде жеңіске жетті. Жұмағали Аянаттың нәтижелері:

Жұлқа көтеру - 104 кг
Серпе көтеру - 133 кг
Қос сайыс қорытындысы - 237 кг

Осыған дейін Аянат Жұмағали Азия чемпионы атанғаны туралы жазған едік.