18:42, 30 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Аяз ата мен Ақшақар 31 желтоқсанда жолаушыларды теміржол вокзалдарында құттықтайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана темір жол вокзалында өтіп бара жатқан жылдың соңғы күні жолаушыларды Аяз ата мен Ақшақар күтіп алып, шығарып салады.

Алғашқы құттықтаулар қысқы каникулға сапарға шыққан балаларға арналады, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі. Өнерлерін ортаға салып, өлең оқып, ән салған, би билеген балғындарға тәттілер мен сыйлықтар беріледі. Ересек адамдарға сәт сапарға жолашар ақжарма тілектер айтылады.
Ертегі кейіпкерлері Жаңа жылда Алматы-1, Алматы-2, Ақтөбе, Қарағанды вокзалдарында жолаушыларды құттықтайды.
Қазірдің өзінде вокзал маңдары жаңа жылдық әшекейлермен безендірілген.