16:34, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Аяз-Ата Петерборға инновациялық шанамен келеді
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петерборға желтоқсанның 30-ында келетін Ресейдің басты Аяз-Аяз-Атасы қалада инновациялық шанамен жүретін болады.

Оның ертегідегідей ғажайып арбасы ГЛОНАСС-тың навигациялық жүйесіне қосылады. Жоба ұйымдастырушылары осының арқасында петерборлықтар мен барлық ниет танытушылар іс жүзіндегі уақыт режимінде сиқыршының солтүстік астана бойынша Интернет желісіндегі саяхатын тамашалай алатынын айтты.