Аяз, қар, көктайғақ- жұмаға арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 22 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Антициклон әсерінен республиканың басым бөлігінде көбінесе жауын-шашынсыз, аязды ауа райы күтіледі, тек солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандардан атмосфералық ағындрдың өтуімен кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде - тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, түнде Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram