Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Аязға байланысты Павлодарда кідіртілген автобустар ТЖД қызметкерлерінің еріп жүруімен өз бағдарлары бойынша жіберілді

ПАВЛОДАР. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысынан күннің екінші бөлігінде үш жүз жолаушысы бар 11 автобустан тұратын колонна өз бағдарлары бойынша - сегізі Қарағандыға, үшеуі - Астана қаласына жолға шақты, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Аязға байланысты Павлодарда кідіртілген автобустар ТЖД қызметкерлерінің еріп жүруімен өз бағдарлары бойынша жіберілді

Қалаларалық автобустар облыс орталығында тәулікте болған қатты аязға байланысты тұрып қалды, ал синоптиктердің болжамы бойынша 40 градустан асатын төменгі температура аймақта 3 ақпанға дейін тұрады. Сондықтан  жолаушылардың әрі қарай жүру туралы өтінішін орындау шешімі қабылданды.

Колоннаны ТЖД-нің қызметкерлері бастап келеді.