Аязға байланысты ШҚО-ның екі қаласында оқушылар қашықтан оқиды

АСТАНА.ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Алтай және Риддер қалаларында кейбір сыныптарда сабақ тоқтатылды.
None

Аяздың салдарынан мектеп оқушылары қашықтан оқытылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алтай қаласында 29 градус аязға байланысты бірінші ауысымның 1-4 сыныптары қашықтан оқытуға көшірілді.

Риддерде – 26 градус аяз. Бірінші ауысымның 1-9 сыныптары қашықтан оқытылады.


Соңғы жаңалықтар