«Айбалта-2025»: роталық тактикалық оқу-жаттығуы жалпыәскери дайындық кезеңін аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM – Маңғыстау облысында өткен жалпыәскери даярлықтың соңғы кезеңі жауынгерлік атысты қамтыған тактикалық маневрлер болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Айбалта-2025»: роталық тактикалық оқу-жаттығуы жалпыәскери дайындық кезеңін аяқтады
Фото: Қорғаныс министрлігі

Әскери қызметшілер роталық тактикалық оқу-жаттығуы кезінде ұрысқа барынша жақын жағдайлардағы тапсырмалар кешенін пысықтады.

Әскери бөлімшелер шартты қарсыластың жаппай шабуылын тойтарып, қорғаныста ұтымды әрекет етумен қатар, қарсы шабуылға шығып, шабуылдың нәтижесін одан әрі дамытты. Маневр жасау қабілеті, инженерлік бөгеттерді қолдану, алғы шепке дәл оқ ату және артиллериялық қолдауды тиімді ұйымдастыруға айрықша мән берілді.

Оқу-жаттығуға қатысушылар өздерінің дайындық деңгейін, қару-жарақ пен техниканы шебер пайдалануын, сондай-ақ ұрыстағы үйлесімді іс-қимылдарын жоғары дәрежеде көрсете білді. Командалық құрам әскери қызметшілердің іс-қимылына оң баға берді.

«Айбалта-2025» оқу-жаттығуы – Қазақстан Қарулы күштерінің жауынгерлік дайындығын жетілдіру мен елдің қорғаныс қабілетін арттырудағы маңызды қадамдардың бірі болды. 

Айта кетелік Қарулы күштердің әскери қызметшісі 600 шақырымдық супермарафонды еңсерді

Соңғы жаңалықтар