Айбар Қайым әлем кубогі кезеңінде алтын жүлдені иеленді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасының семсерлесушісі Айбар Қайым Германиядағы кадеттер арасындағы әлем кубогінің кезеңінде жеңімпаз атанды.

Айбар Қайым
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз семсерлесудің қылыш түрі бойынша сайыста топ жарды. Финалда Айбар Қайым Германия өкілі Джастин Льюді 15:13 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін де спортшы әлем кубогінің кезеңдерінде екі мәрте жеңіске жеткен болатын.

Еске сала кетейік, «Қайрат» әлемдегі үздік футбол клубтарының қатарына енді.

 

Соңғы жаңалықтар