Айбек Дәдебайдың енді немен айналысатыны белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебайдың енді немен айналысатынын мәлімдеді.
- Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді.
Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады, - делінген Смадияровтың жазбасында.
Айта кетейік, бүгін Айбек Дәдебайдың ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылғаны хабарланды.
Артынша бұл қызметке Үкімет басшысының бірі орынбасары лауазымын атқарып келген Роман Скляр тағайындалды.