Айбол Әбікеннің жаңа маусымда қай командада ойнайтыны белгілі болды

 АСТАНА. KAZINFORM – Қызылордалық «Қайсар» командасы 29 жастағы қазақстандық футболшы Айбол Әбікенмен келісімшарт мерзімін ұзартты.

Айбол Әбікеннің жаңа маусымда қай командада ойнайтыны белгілі болды
Фото: Sports.kz

Айбол өткен маусымда қасқырлар сапында 25 ойынға қатысып, 1 голмен көзге түсті. 

Алматы қаласында дүниеге келген футболшы бұған дейін «Қайрат» және «Ақсу» клубтарының намысын қорғап үлгерді. 2020 жылы алматылық «Қайрат» командасының сапында ел чемпионы болды. Ал 2017, 2018, 2019 жылдарда күміс, 2021 жылы қола жүлдеге қол жеткізді.

2022 жылдың жаз айында ол допинг дауына ілігіп, 4 жылға футболдан шеттетілді. Дегенмен оның жазасы жеңілдетіліп, екі жылға шегерілді. 2024 жылдың сәуір айында Әбікен «Ордабасы» футбол клубының жейдесінде өнер көрсетті. 

Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының FIFA рейтингіндегі орны өзгергенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар