13:33, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Айдан із табылды
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Үндістанның ғарыштық миссиясы «Аполлон 15» американдық кемесінің Айға қонған ізін анықтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. руға сілтеме жасап.
Үндістан ғарыш агенттігі хабарлағанындай, Ай орбитасына оның ұшырған аппаратының түсірген суреттері ғарыш кемесінің қонғанын тағы да растай түсті.
Жер серігінің ондаған мың фотосуреттерін түсірген үндістандық Айды барлау зонды жақында компьютерлердің істен шығуына байланысты жоғалып кетті.