Айдана Забынбекова мен Наталья Богданова жартылай финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қос қазақстандық боксшы келесі кезеңге қиындықсыз өтті. 

Наталья Богданова
Фото: Спортты дамыту дирекиясы

Әсіресе Айдана келесі кезең жолдамасы үшін қатты күш жұмсай қойған жоқ. Оның 1/4 финалдағы қарсыласы америкалық боксшы жекпе-жекке шығудан бас тартты. 

Ал тағы бір отандасымыз (70 келі) әлем кубогының 1/4 финалында бразилиялық Барбара Мария Дос Сантосты қапы қалдырып, жартылай финалға жолдама алды. Наталья үшінші раундта қарсыласын бір есеңгіретіп алды.

Бұған дейін Нұрбек Оралбайдың жартылай финалға жолдама алғанын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар