Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында АҚШ балуанын жеңді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

Айдос Сұлтанғали
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, 60 келіге дейінгі салмақта ол 1/16 финалда АҚШ спортшысы Максвелл Блэкті 7:1 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша грек-рим күресінен әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Сонымен қатар 72 келіге дейінгі салмақта Мерей Мәулетқанов та 1/8 финалға шықты. Ол финляндиялық Матиас Липастиден 3:0 есебімен басым түсті.

Ал 97 келіге дейінгі салмақтағы Рахат Бержанов грузин балуаны Георгий Мелияға 2:7 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Демеу Жадраев әлем чемпионатында жұбаныш белдесуіне қатысатын болды.

 

Соңғы жаңалықтар