Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Компания Директорлар кеңесінің шешімімен Айымбетов Айдын Ақанұлы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Айдын Айымбетов 1972 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген.

ҚР Әскери-әуе күштері қатарында ұшқыш-жауынгер және әуе командирі ретінде қызмет атқарды. 2015 жылғы қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ұшты.

Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық лауазымдарында жұмыс атқарды:

2009-2010 жж. – ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі Төрағасының кеңесшісі;

2010-2011 жж. – ҚР ҰҒА Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры;

2011-2014 жж. – «ҰҒЗТО» АҚ «Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС Ғарыштық технологияларды ақпараттық-оқытушылық қамтамасыз ету басқарма басшысының орынбасары;

2014-2016 жж. – «ҰҒЗТО» АҚ «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС директорының орынбасары;

2016-2019 жж. – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ғарыш жүйелерін жасау және пайдалану жөніндегі Вице-президенті.

2019-2021 жж. – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары-Өндіріс жөніндегі Басқарма мүшесі.

2021 жылғы 13 қыркүйектен бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып табылады.

Айдын Айымбетов - ҚР ұшқыш-ғарышкері, әуе генерал-майоры. Мемлекеттік награда мен құрмет атақтарына ие: «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы», «Отан» ордені.


Соңғы жаңалықтар