Айдын Сауданбеков Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментіне басшы болды
Айдын Сауданбеков 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді. Экономист.
Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 24 жыл. Еңбек жолын 1998 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы болып бастады. 2000 жылғы наурыздан бастап Ұйғыр ауданы бойынша Салық комитетінің аға салық инспекторы, бас салық инспекторы, 2001 жылғы желтоқсаннан бастап Алматы облысы бойынша Салық комитетінің, Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитетінің әртүрлі лауазымдарында жұмыс жасады. 2008 жылғы кыркүйектен бастап Іле ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім басшысы, Талдықорған қаласы бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім басшысы лауазымдарын атқарды. 2015 жылғы маусымнан бастап Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық бақылау басқармасының, Аудит басқармасының, Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2021 жылғы тамыздан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Әкімшілендіру департаментінің директоры, 2022 жылғы ақпаннан бастап осы уақытқа дейін Аудит департаментінің директоры лауазымын атқарды.