Айдың соңында Ванкувер олимпиадасында сынға түсетін спортшыладың есімдері белгілі болады

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Осы айдың соңында 2010 жылғы ақпанның 12-28-і күндері Канаданың Ванкувер қаласында өтетін 21-ші қысқы олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың аты-жөндері белгілі болады,

Айдың соңында Ванкувер олимпиадасында сынға түсетін спортшыладың есімдері белгілі болады

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Біздің спорт» сайтына сілтеме жасап.

Әзірге біздің спортшылар 37 лицензияны жеңіп алды. Алайда, бұл шек емес, төртжылдықтың басты жарысы басталғанға дейін лицензиялық жарыстар жалғасатын болады. Жеңіп алынған лицензиялардың жартысына жуығы шаңғышыларымыздың еншісінде. Шаңғы жарысынан халықаралық аренада жақсы өнер көрсетулерінің арқасында спортшыларымыз тоғыз лицензияға ие болды, оның бесеуі ерлердікі, төртеуі әйелдердікі. Биатлоншыларымыз да ақ олимпиадаға тоғыз лицензия алды. Ал, шаңғымен тұғырдан секірушілеріміз бес, фристайшыларымыз бес, конькимен жүгіретін спортшыларымыз төрт лицензия иеленсе, тау шаңғысы спорты бойынша екі, мәнерлеп сырғанаудан екі лицензия қанжығамызда. Бір қапаландыратыны, шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы лицензияға ие бола алмады. Жалпы,спорттың командалық түрі бойныша Қазақстан құрамасы олимпиадаға қатыспайды.