Әйел үш баласымен бірге елге жеткізілді, Сирияда әлі де 40 азамат қалып отыр

ӘБУ-ДАБИ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Соғыс өрті басылмай жатқан Дамаскіден Қазақстан Республикасының азаматы, Павлодар облысының тумасы Наталья Пеннер үш баласымен дін аман елге жеткізілді.

Әйел үш баласымен бірге елге жеткізілді, Сирияда әлі де  40 азамат қалып отыр

Бұл Ливанда уақытша тұрақтаған Сириядағы қазақстандық консулдық және ҚР-дің Бейрут қаласындағы дипломатиялық миссиясы қызметкерлерінің тікелей көмегінің арқасында іске асты.

Сирияда әлі де 40 азаматтың қалып отырғандығы қазақстандық консулдыққа белгілі болып отыр. Қарулы қақтығыс басталғаннан бері 200-ге жуық отандасымыз елге көшірілді. Басым бөлігі сәбилері бар әйелдер. Қазақстандық дипломаттар оларды елге аттандыру жұмыстарына жан-жақты көмек көрсетуде.