18:57, 16 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Әйелдер арасында баскетболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты Испанияда өтетін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер арасында баскетболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты алғаш рет Испанияда өтеді. Бұл туралы Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) баспасөз қызметінен хабарланды.
Жарысты қабылдау құқығына сондай-ақ Израиль де ие болды. FIBA кеңесінің 18 мүшесі өз дауыстарын испандық өтінім үшін берсе, қалған бесеуі Израиль үшін дауыс берді. 2014 жылы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Түркияда өткен болатын. Турнирде финалда испандықтардан басым түскен АҚШ құрамасының баскетболшы әйелдері жеңімпаз атанды.
Еске сала кетсек, 2014 жылы ер адамдар арасындағы әлем чемпионаты Испанияда өткен болатын.