Әйелдер командалары арасындағы ІІ Азия кубогының ширек финалындағы қазақстандық волейболшылардың қарсыласы Жапония құрамасы болды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -Бүгін Қытайдың Тайсанг қаласында волейболдан әйелдер командалары арасындағы ІІ Азия кубогының ширек финалдық ойындары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әйелдер командалары арасындағы ІІ Азия кубогының  ширек финалындағы    қазақстандық волейболшылардың қарсыласы Жапония құрамасы болды

Қыркүйектің 19-ы күні басталған бұл байрақты бәсекеде Ольга Щербакова жаттықтыратын Қазақстан құрамасы алғашқы кезеңде А тобында сынға түскен болатын. Онда Корея мен Қытай спортшыларына 0:3 есебімен ұтылғанымен, ақырғы ойында Иран волейболшыларын 3-0 есебімен (25-22, 25-18, 25-4) ойсырата жеңді. Енді ширек финалда олар Тайландтқа (0:3) ұтылып, Тайпей (3:1) мен Вьетнамды (3:0) жеңген Жапония құрамасымен кездесуде. Ал кореялықтар қытайлық, тайпейліктер тайландық спортшыларымен сынға түсетін болады.