«Әйелдер. Отбасы. Мемлекет: Қазіргі проблемалар мен болашақ» атты халықаралық конференция өтеді

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Ағымдағы жылғы наурыздың 5-інде Қазақстан әйелдерінің V форумы аясында «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында «Әйелдер. Отбасы. Мемлекет:
None
None
Қазіргі проблемалар мен болашақ» тақырыбында халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Шараға еліміздің барлық облыстарынан делегаттар, ҚР Парламентінің депутаттары, атқарушы органдар мен халықаралық қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысады.«Конференция жұмысы 5 бағыт бойынша жүргізіледі. Олар ? «Әйел және қауіпсіздік», «Бизнестегі әйел рөлі», «Әйел және саясат», «Отбасы ? Қазақстан тұрақтылығы мен бірлігінің негізі», «Қазақстандық отбасы: дәстүр мен жаңғыру». Сондай-ақ шара барысында аналарға қолдау көрсету, медициналық көмек сапасын арттыру мақсатын көздейтін акция ұйымдастырылады. Акция наурыздың 4-нен 7-сіне дейін Алматы қаласын, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қамтиды», - деді бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен баспасөз мәслихатында партияның ресми өкілі Оксана Петерс.
Соңғы жаңалықтар