Әйелінің рұқсатынсыз екінші рет үйленген ер адам түрмеге қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанда әйелінің рұқсатынсыз екінші рет үйленген ер адам жарты жылға түрмеге қамалды, деп жазады news.am сайты.
None
None

Пәкістан тұрғыны Айша Биби күйеуі Шахзад Сакибтің  өзінің рұқсатынсыз екінші рет үйленгендігін айтып, сотқа шағым түсірген.

Пәкістан соты әйелдің шағымын қарай отырып, екінші рет үйленген ер адамға жарты жыл түрмеге отыру және $2000 көлемінде айыппұл төлеу жазасын кескен.

Сот Шахзад Сакибтың шариғат талаптарына сәйкес төрт әйел алуға болады деген аргументін қараудан бас тартқан.

Айта кетейік, бұл Пәкістандағы Отбасылық кодекске сәйкес шығарылған алғашқы шешім. 

Соңғы жаңалықтар