00:09, 14 Ақпан 2016 | GMT +5
Айфонның уақытын 1970 жылға ауыстырса ол пайдалануға жарамсыз болып қалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple смартфонының иелері өз құрылғыларындағы операциялық жүйесін толық істен шығаратын қателікті байқаған. «Айфондағы» уақытты 1970 жылдың 1 қаңтарына ауыстырып оны өшіргенде, смартфонды қайта қосылмайды, деп жазады Reddit форумында.

Осы кемшілікті тексергендер, бұл iOS 8 немесе 9 операциялық жүйесімен жұмыс істейтін 64 биттік Apple A7 процессорлы iPhone смартфонын толық жарамсыз етіп тастайтынын анықтаған.
Багтың не себептен орын алатыны әзірге белгісіз. Өндіруші бұл жайында ресми түсініктеме бермеген. OS X пайдаланумен компьютер арқылы құрылғыны қайта қалпына келтіруде сәтсіздікке ұшыраған.
Форумда бұл кемшілікті жоюдың жолы бар екенін айтуда. Олар смарфонның қуаты толық таусылғанын күтіп, сосын қайта қуаттандырып іске қосып көруді ұсынуда.