Әйгілі әнші-композитор Ғ.Құрманғалиевтің туғанына 100 жыл толды

ОРАЛ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Атақты әнші-композитор, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғарифолла Құрманғалиевтің (1909-1993) туғанына 100 жыл толды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қаратөбе ауданында дүниеге келген Ғ. Құрманғалиев 1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-інші слетіне қатысып, ерекше көзге түсуінің нәтижесінде опера және балет театрына қабылданды. Сол кезден бастап ол ұлттық операның негізін қалаған өнер қайраткерлерінің біріне айналды. Әсіресе, халық, Мұхит әндерін орындау арқылы көпке кеңінен танымал болған Ғарифолла Құрманғалиев өз туындыларын да асқақтата шырқады. 1967 жылдан бастап республикалық өнер және цирк студиясында ұстаздық еткен ол ұлттық өнерімізді ұлықтаған көптеген шәкірттерді тәрбиелеп шығарды. Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облыстық филармониясы Ғ. Құрманғалиевтің есімімен аталады. Туған жері Қаратөбе ауданы орталығында әнші мүсіні орнатылған.
Соңғы жаңалықтар