08:00, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
«Әйгілі аудан ? Ертісім» деп аталатын тарихи трилогия жарық көрді - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Есіл ауылының тұрғыны, жазушы Мүбәрәк Жаманбалинов «Әйгілі аудан – Ертісім» деп аталатын деректі трилогиясын жерлестеріне сыйға тартты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жазушы туған өлке тарихын қағаз бетіне түсіру үшін қолына қалам алғалы он шақты жылдың жүзі болыпты. 90-шы жылдардан бастап көнекөз ақсақалдардың аузынан тарихи деректерді түртіп алуды дағдыға айналдырған Ертіс ауданының азаматы өткен ғасырдағы тұрғылықты аймағы мен көршілес Омбы облысының өткенінен сыр шертер деректерді де жинақтаған. Жазушы «Түгел батыр» деп аталатын кітабында елімізді жоңғар шапқыншылығынан қорғаған батыр туралы және осы аймаққа танымал оның ұлы, шешен Байсерке абыз жайлы баяндаған. М.Жаманбалинов әйгілі батырдың сүйегі жатқан жерді тауып, оған ескерткіш қойылуына мұрындық болыпты. Еліміздің көрнекті журналисі Мүбәрәк Жаманбалинов бірнеше кітаптар мен поэзиялық шығармалардың авторы. 85 жастағы ақынның он шақты өлеңдер жинағы балаларға арналған.