Әйгiлi боксшы Рой Джонс Астанаға ат басын тiремек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге аттары танымал боксшылар Рой Джонс пен Олег Маскаев Қазақстан астанасына келедi. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiнiң баспасөз қызметi хабарлады.
None
None

«16 желтоқсанда, ҚР Тәуелсiздiгi күнiнде Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы кәсiпқой бокс чемпионы кiшi Рой Джонспен және Олег Маскаевпен кездеседi», - делiнген хабарламада.

Бұның алдында хабарланғанындай, боксшылар Қарағандыда Ғалым Жарылқапов атындағы XXXI Халықаралық бокс турнирiне қонақ ретiнде қатысады.

Айта кетейiк, Олег Маскаев Қазақстан тумасы, 2006-2008 жылдарда WBC чемпионы. Рой Джонс бiрнеше салмақ дәрежесiнде және барлық нұсқалар бойынша чемпион атанған әйгiлi боксшы. Оның аты Мохаммед Әли және Майк Тайсондармен қатар тұрған кәсiпқой бокстағы бiрегей тұлғалардың бiрi. Сонымен қатар ол әншi және актер ретiнде де өзiн көрсете бiлген өнер иесi.

Соңғы жаңалықтар