«Айқын» газеті шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұлов атындағы турнирдің жеңімпазы атанды

АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда шағын футболдан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында белгілі спорт журналисі, жазушы және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұловты еске түсіруге арналған дәстүрлі турнир өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Екі күнге созылған бұл бәсекеге биыл 32 команда қатысты. Онда ақтық ойында бұған дейінгі сайыстарда жеңімпаз атанып жүрген «Қазақ энциклопедициясы» баспасының командасын 3:1 есебімен ұтқан «Айқын» газетінің футболшылары бірінші орын алды. Мұндай есеп үшінші орын үшін болған кездесуде де тіркелді. Онда «Вечерный Алматы» газетінің футболшылары «Қаламгер медиа» командасынан басым түсті. Аса тартысты өткен жарыс қорытындысында «Егемен Қазақстан» газеті тағайындаған үздік қақпашы жүлдесін «Ана тілі» газетінен Ержан Байтілес, үздік шабуылшы жүлдесін «Жас Алаш» газетінен Төлеубек Әділбекұлы, бас мерген жүлдесін Рахат телеарнасынан Ақын Ордабайұлы иеленді. Ал «Қаламгер медиа» орталығы үздік өнер көрсеткен ойыншыға тағайындаған жүлдені «Жас өркен» командасынан «Ұлан» газетінің редакторы Есей Жеңісұлы еншіледі.
Соңғы жаңалықтар