Аймақ өкіметі спортты дамытуға қолдау көрсетеді - Шығыс Қазақстан облысы

ӨСКЕМЕН. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев наурыздың 7-сі күні футболдан Қазақстанның 18-ші чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты.
None
None
Бұл күні шығысқазақстандық «Восток» клубы футболдан Қазақстан Республикасының 18-ші чемпионаты аясында өздерінің алаңдарында «Атырау» командасын қабылдады. Жаңа стадионында өткен ойын 2:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ойыннан кейін облыс әкімі, атқарушы биліктің жалпы спортты, оның ішінде спорттың бұқаралық түрлерін дамытуға қолдау көрсететінін атап көрсетті. Соның ішінде футболдың маңызды орын алатынына баса тоқталған Б.Сапарбаев: «Біз «Восток» футбол командасына қолдау көрсетуге әзірміз. Бірақ, олардың тарапынан жетістіктердің болатынына сенімді болуымыз керек», - деп атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар