Аймақ тұрғындары Елбасына шын жүректен риза - депутат В.Бобров

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Аймақ тұрғындары Мемлекет басшысына шын жүректен риза.
None
None

Бұл туралы Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуден кейін Мәжіліс депутаты Владимир Бобров мәлім етті.

«Бүгін біз Президентке, дағдарысқа қарамастан, Қазақстанның барлық облысында оң экономикалық дамудың байқалып отырғанын баян еттік», - деп атап көрсетті депутат өз сөзінде.

Оның айтуынша, аймақтарда болған кездесулер барысында аға буын өкілдері Мемлекет басшысына айрықша алғыстарын білдірді. Олар, мемлекет жүргізіп отырған саясаттың арқасында балалары мен немерелерінің келешегіне сенімді отырғанын айтты. Өңір тұрғындары сондай-ақ, Президент Жолдауында алғаш рет тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қайта құру мәселесі сөз болғанын, сонысы үшін Елбасына шын риза екендерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар