16:52, 20 Қаңтар 2009 | GMT +5
Аймақта атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 57 млрд. теңгеге жетті
ОРАЛ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 57 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл алдыңғы жылғыдан 5,5 пайызға көп. Өңірдегі ірі және орташа құрылыс ұйымдары бір жылда 43,8 млрд теңгенің мердігерлік жұмысын орындады, бұл 2007 жылғыдан 1,3 есеге артық, осының 79,3 пайызы (34,8 млрд.) ауылдық жерде атқарылып отыр. Мердігерлік жұмыстың 60 пайыздан астамы (26,5 млрд. теңге) ? жеке, 38,1 пайызы (16,7 млрд. теңге) ? шетелдік, 1,5 пайызы (659,8 млн.) мемлекеттік кәсіпорындар еншісінде.
Орал қаласының құрылыс ұйымдары мердігерлік жұмыс көлемінің 54,7 пайызын (24 млрд.) орындаса, 45 пайызы (19,7 млрд. теңге) Ақсайдағы кәсіпорындар үлесіне тиеді.
Облыста жыл басынан бері жалпы аумағы 336,4 мың шаршы метр 1636 түрлі нысан (нақты құны ? 20,5 млрд. теңге) іске қосылды.