Аймақтық бизнес-қауымдастық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуде белсенділік танытпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының кәсіпкерлері ЭКСПО-2017 көрмесінің павильондарын салуға белсенді түрде атсалысуды жоспарлауда. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық басшысы Мәдениет Божбанов хабарлады.

Аймақтық бизнес-қауымдастық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуде белсенділік танытпақ

«Ең алдымен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясына Қарағанды облысының кәсіпкерлерін тартып, көрменің құрылысына араласуға мүмкіндік бергені үшін шын алғысымды айтамын. Бүгін ЭКСПО кешенінің бас мердігері мен Қарағанды облысының тауар шығарушылары арасында меморандумға қол қойылды. Бұл Мемлекет басшысының Ұлттық жобаға аймақтық ерекшеліктерге байланысты ұлттық бизнестің араласуына кең мүмкіндік ашу жөніндегі тапсырмасын орындау болып табылады», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш келісім ЭКСПО-2017 шарасын ұйымдастыруға отандық компаниялар да араласа алатындығының және қарағандылық компаниялар бәсекеге қабілетті екендігінің дәлелі болып табылады.