Аймақтық және трансаймақтық ынтымақтастықты тереңдетуде ЕҚЫҰ маңызды рөл атқарады - ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары

; АЛМАТЫ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Аймақтық және трансаймақтық ынтымақтастықты тереңдетудің қажеттілігі обьективті түрде артады.
None
None

Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Орталық Азиядағы жеңіл және атыс қаруларының заңсыз айналымымен күрес" деп аталатын халықаралық семинарда сөз болды.

"Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағалығы аймақтық сараптамалық сұхбатты бастау мен оны ілгері жылжытуға мүмкіндіктер жасайды. Бұл Қазақстанның төрағалығында жарияланған басымдықтар контексінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты аймақтық ұйымдармен жаңа тәжірибелік байланысты орнатуда көрініс табуда. Бұл аймақтық ұйымдар арасындағы өзара әрекеттестік Орталық Азияда қауіпсіздіктің орнықты және тиімді сәулетін құруға көмектеседі», дейді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Болат Сембинов. Оның айтуынша, бұл үдеріс қазірдің өзінде жүріп жатыр. Келісімдер мен меморандумдар жасалып, кездесулер мен консультациялар өтуде. Желтоқсан айында Астанада өтетін ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары Саммитіндегі негізгі міндеттің бірі - ЕҚЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелеріне назар аударту болып отыр.

Соңғы жаңалықтар