Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Аймақтық жол картасы таныстырылды - Ақтөбе облысы

АҚТӨБЕ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Кеше Ақтөбе облыстық әкімдігінде аймақтық жол картасының таныстырылымы өтті.

Аймақтық   жол  картасы  таныстырылды  - Ақтөбе  облысы
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында өңірде қосымша 24 мың 200 жаңа жұмыс орны ашылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың айтуынша, Ақтөбе облысының жол картасын жүзеге асыруға 11, 754 миллиард теңге бөлініп отыр, оның 9,57 миллиард теңгесі - республикалық бюджеттен, 2,15 миллиард теңгесі- жергілікті бюджеттен қарастырылған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін қайта жаңарту және дамыту жұмыстары барысында 10 мың 350 жаңа жұмыс орны құрылады, жергілікті маңыздағы жолдарды жөндеу және жаңарту жұмыстарына 6 мың адам жөнелтілмек, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстары үшін 6 970 жұмыс орны құрылады, қалалар мен ауылдардағы селолық нысандар 880 адамды жұмыспен қамтитын болады. Жалпы алғанда аймақта 234 әлеуметтік нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Жөндеу жұмыстары сәуір айынан басталады. «Бұл нысандарда негізінен, жұмыстарынан босап қалған жұмысшыларға, бітіруші түлектерге және оралмандарға басымдық берілетін болады», - дейді Сара Нұрқатова.