«Айна» галереясында «ПРОменад» көрмесі ашылды - Павлодар

ПАВЛОДАР. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Облыстық кітапхананың «Айна» галереясында «ПРОменад» фотокөрмесі ашылды.

«Айна» галереясында «ПРОменад» көрмесі ашылды - Павлодар

Жиырма автордың жұмыстарында қалалық пейзаждардың кадрлары, фототарих, оқиға орындарындағы репортаждық түсірілімдер және замандастардың портреттері бар. Суреттердің әрқайсысында фотографтар өздерінің әлемге деген көзқарасын білдіріп, объектив арқылы табиғат, қала және адамдардың өміріндегі ерекше құбылыстарды көрсетуге талпынды.

 Экспозицияда фотокамераны қолдарына екі-үш жыл бұрын алған әуесқойлардың және ресейлік және шетелдік ақпарат агенттіктерімен ынтымақтасып жүрген кәсіби фотографтардың суреттері бар.

 Бұл қазақстандық және Ресейдегі Омбы, Новосібір қалалары фотографтарының бір жыл бұрын Павлодарда құрған «ПРОявление» халықаралық фотоклубының бірінші экспозициясы болып табылады.