«Айтыс ешқайда қашпайды» деп айтқан Сара Тоқтамысова ұлды болды

Осыдан біраз уақыт бұрын айтыскер инстаграм парақшасында: «Айтыстан неге көрінбей кеттің?» деп жатқан тыңдаушыларыма жауап беретін сурет. Ия, ия менің қазіргі шаттығым да, қуанышым да,қазынам да осы бір керемет кезең болып тұр. Әйел заты болғасын, ең басты мақсатымыз, дүниеге ұрпақ алып келу емес пе? Карьера, жұмыс дегенді кішкене қоя тұру керек. Сіздердің маған деген лебіздеріңізді оқып, менің өнеріме деген құрметтеріңізді оқып, қуанышыма қуаныш қосылғандай күй кешемін! Көп рахмет! Айтыс ешқайда қашпайды. «Аман-есен бөпемді дүниеге әкелсем», деп дұға етіп жүрмін», деп жазған Сондай-ақ, сұхбаттарының бірінде: «Көп балалы ана, әке болу - жолдасым Есіл екеуміздің арманымыз. Өзім шағын ғана отбасынан шыққандықтан болар, үйелмелі-сүйелмелі үлкен отбасы болғанын қалаймын. Көзімізге көрсеткен Ермұхамедім аман болсыншы! Әйтпесе, оны да көп күттік қой», деген болатын. Айта кетейік, Сара Тоқтамысова 1986 жылы ШҚО Семей қаласының Ақсуат ауданында дүниеге келген. Ол «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.