Айырбас бағамының күрт және тұрақсыздыққа әкелетін өзгерістеріне жол берілмейді - ҰБ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айырбас бағамының күрт және тұрақсыздыққа әкелетін өзгерістеріне жол берілмейді. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев осылай мәлім етті. Еске сала кетейік, жалпы отырыста «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

Айырбас бағамының күрт және тұрақсыздыққа әкелетін өзгерістеріне жол берілмейді - ҰБ

«Қазіргі уақытта валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Ұлттық банк валюта нарығына қатысуын барынша азайтты. Валюта нарығында қалыптасқан баланс Қазақстан экономикасына әсер ететін іргелі факторларға сәйкес келеді. Бұлар: мұнайдың әлемдік бағасы, ресей рублінің бағамы, Ресей және Қытай экономикаларындағы ахуал, әлемдік валюталар бағамдарының анықтамасы», - деді ҰБ Төрағасы.

Оның айтуынша, бұдан әрі де аталған іргелі факторлар ескерілетін болады. «Сонымен қатар, ҰБ айырбас бағамының күрт және тұрақсыздыққа әкелетін өзгерістеріне жол бермейтін болады», - деді бас банкир.