Әз Наурыз мейрамын әлемнің 30 елінің 300 миллионнан астам халқы атап өтуде - Н. Назарбаев
«Қас-қағым сәт сияқты бар болғаны 23 жылдың ішінде Қазақстан танымастай болып өзгерді. Бүкіл дүниежүзіне белгілі болды. Өскен-өркендеген елдермен терезесі теңесті. Күллі әлем сыйлайтын халық болдық. Ішіміздегі көп ұлтты, көп дінді халқымыздың бірлігін сақтап, соның арқасында еңбекпен өсіп, өркендеп келеміз. Болашағымыз жарқын. 2050 жылға дейінгі бағдарламамыз бар. 30 өскен-өркендеген елдің арасына кіреміз деген үмітіміз, жұмысымыз бар», - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, бірлік, татулық, тыныштық болса, алға қойған барлық міндеттерге қол жеткізетін боламыз. Қазақ елі тәуелсіздік жылдары алдына қойған барлық мақсаттарын орындап келеді.
«Бізбен бірге 30 мемлекеттің 300 миллионнан астам азаматтары бұл мейрамды бүгін қуанышпен атап өтіп жатыр», - деді Елбасы.