Азамат Есқараев Президент Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Есқараев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Өмірбаяны
ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші маманы (2000 ж)
ҚР Әділет министрлігінде бас маман, Заңға тәуелді нормативтік актілердің жобаларын сараптау және дайындау басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы, Заңнама департаментінің өндірістік саланың заңға тәуелді нормативтік актілерін сараптау бөлімінің бастығы, Заңнама департаменті басқармасының бастығы, Заңға тәуелді актілер департаменті басқармасының бастығы болған (2000-2005 жж)
Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы (2005-2006 жж)
«Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметі департаментінің бас менеджері (2006-2007жж)
ҚР Әділет министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді: құқықтық мәселелер жөніндегі консультант, Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы, министрдің көмекшісі, Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, Заңнама департаментінің директоры (2007-2012 жж)
ҚР ЭҚСЖҚКА инспекциясының ұйымдастыру-бақылау департаментінің бастығы (2012-2014 жж)
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2014-2019 жж)
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі (2019-2023 жж)
ҚР Әділет министрі (04.04.2023-09.01.2025)
2025 жылы 7 сәуірде Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Білімі
Қазақ мемлекеттік заң академиясы